ЖШС «Самат-Сүндет» бөбекжай балабақшасы бойынша «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында 2021-2022 оқу жылындағы атқарылған іс – шаралардың IІ жартыжылдық есебі
ЖШС «Самат-Сүндет» бөбекжай балабақшасы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бақшаішілік жұмыс жоспары құрылған. Қыркүйек айында балабақша ұжымы «Латын әліпбиін» тану бойынша сабақтар өткізілді.
Қазан айында барлық топтарда «Менің елім-Қазақстан» атты сурет сайыстары өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, топ тәрбиешілері мен қатысушылар марапатталды.
Қараша айында балабақшада өндірістік жиналыста ересек топ тәрбиешісі Ұ.Кадирова «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» атты баяндамасы оқылып, талқыланды. Осы айда «Жүректен-жүрекке» акциясы аясында балабақша құрылтайшысы атынан отбасы төмен отбасыларына ақшалай, заттай көмек көрсетілді.
Желтоқсан айында балабақша фоесінде «Менің Қазақстаным» атты сурет және қолөнер көрмесі өтті. Ол жерде балалардың үздік суреттері мен қолөнерлері, балабақша ұжымының қолөнерлері де қойылып, жүлделі орындар мен сыйлықтар берілді.
Балабақшада«Тәуелсіздіктің -30 күзі» атты айлық іс-шара жүргізілді, бұл іс-шара аясында және Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері атты құжатта, 9 бөлімінде көрсетілгендей патриоттық бағыттағы іс – шараларды өткізу маңызды болып табылады. Осы орайда балабақшада Тұңғыш президент күніне топтар арасында «Елбасы жолы» атты бейне ролик көрсетілді,АҰУІӘ барлық топтарда өткізілді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі күніне орай балабақша бойынша “Ұлы дала елі” атты бейне ролик көрсетілді. АҰОІӘ өткізіліп, кәсіподақ тарапынан және балабақша тарапынан мадақтамалар мен алғыс хаттар берілді.
Жоспар бойынша:
Қазақстан Республикасының рәміздерін насихаттау жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Әр дүйсенбі күні балабақша ауласы алдында мемлекеттік әнұран орындалады. Әнұранға балабақшаның барлық ұжымы мен барлық тәрбиеленушілері қатысады.
.



